• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында ИИДМБ аясында 2015 жылы 791 жұмыс орнының құрылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда

Атырау облысында ИИДМБ аясында 2015 жылы 791 жұмыс орнының құрылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда

8 Желтоқсан, 2015 11:34
Атырау облысында ИИДМБ аясында 2015 жылы 791 жұмыс орнының құрылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда, деді Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов ОКҚ-да.

«2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында 28,9 млрд теңгенің, 791 жұмыс орнының ашылуымен 11 жоба жүзеге асырылуда. Осы жылдың 1 қарашасында 1,6 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылады. Бұл «Атырау сауда» ЖШС құс фабрикасының кеңеюі мен «Алматы Құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы», - деді облыс әкімі.

Әкім атап өткендей, 2015 жылдың соңына дейін 27,3 млрд теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылды. 666 жұмыс орны ашылды.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар