• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 2687,8 млрд теңгені құрады

Атырау облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 2687,8 млрд теңгені құрады

8 Желтоқсан, 2015 11:29
Атырау облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылы 2687,8 млрд теңгені құрады.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде облысы Бақтықожа Ізмұхамедов айтты.

«2015 жылдың қаңтар және қазан айларында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 2687,8 млрд.теңгені құрады. Өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi – 101,2%», - деді ол.

Облыс бойынша 26,5 млн. тонна мұнай, немесе 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7%, 12,4 млрд. текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді (102%). 

«Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 251,1 млрд теңге сомасын құрады немесе 2014 жылдың тиісті деңгейінен салыстырғанда 98,2% болды. 2015 жылдың қаңтар-қазан айында машина жасау саласында 15082,57 млн теңгеге өнім өндірілді», - деді облыс әкімі.  

Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 542,5%-ды құрады.2015 жылғы қаңтар және қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 1081,8 млрд.теңгені, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,4%-ға тең.  

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар