• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШОБ: 2015 жылы «Крендель» компаниясы 1400 тоннаға жуық кондитерлік өнім өндірді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ШОБ: 2015 жылы «Крендель» компаниясы 1400 тоннаға жуық кондитерлік өнім өндірді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

8 Желтоқсан, 2015 10:52
2014 жылдың шілде айында «Даму - Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6% үстемақымен «Крендель»ЖШС-ның 380 млн теңге көлеміндегі несиесі қайта қаржыландырылды. Ағымдағы жылы кәсіпорын 1400 тоннаға жуық торт, кәмпит, зефир мен жеміс-жидек тосапын өндірді. Бұл туралы «Крендель» ЖШС сапа менеджменті жүйесі бойынша инженері Светлана Шакенова «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында хабарлады.

Компания өз қызметін кондитерлік өнімдер өндірісі, көтерме-бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қызметтері саласында жүзеге асырады. Бүгінде кәсіпорын өзінің кондитерлік өніміменн Қазақстанның  түрлі аймақтарына, Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен қалаларына және Павлодар облысы мен оның аудандарын қамтамасыз етеді.

«Кәсіпорын 2004 жылы қазан айында құрылды. Ол өз қызметін 1995 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастаған кәсіпорынға ағымдағы  жылы 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында компания өсім деңгейін арттырып, облыста және еліміз бойынша кеңінен танылды. Өндіріс барысында жоғары технологияларды пайдалана отырып бірегей торттарды пісіруге басымдылық берілген», -  деді С. Шакенова. 

«Крендель» компаниясының өндіретін өнімдер тізімінде 300-ден астам түрлі тәттілер бар. Олар торт, кәмпит, зефир мен жеміс-жидек тосапы және т.б.

Кондитерлік өнімдер табиғи заттардан жасалады және ол «Крендель» компаниясы табысының негізгі факторы.  С. Шакенова хабарлағандай, Павлодардағы Орталық дүкенге айына 30 мыңға жуық адам келеді.

Жеке технология бөлімі жаңа эксклюзивті  дайындау әдістерін ойластыру бойынша ұдайы жұмыстар жүргізіп келеді.

С. Шакенованың айтуынша, кәсіпорынның өндіріс көлемі көтерме сауда режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

«Біздің өнімімізге деген сұраныстың артуына байланысты өндіріс көлемі күн санап артып келеді. Өндірістің табысы өнімді сатуға тікелей байланысты. Біз әрқашан дамудамыз және кәсіби деңгейде өсуімізге жіті назар аударып келеміз. Тұрақты түрде жаңа технологияларды енгіземіз, байқауларға қатысамыз, біліктілігімізді арттырамыз», - деді ол.

Оның үстіне «Крендель» компаниясының өнімі көптеген байқаулар мен көрмелерде жүлделі орындарда көріне білді.

«Біз жұмысшыларымыздың кәсіби шеберлігі мен «Крендель» компаниясы өз қызметін жетілдіру арқылы тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Бұл өз кезегінде ел экономикасының одан ары дамуына өз үлесін қосатын болады», - деп түйді ол.

Индира Кауметова

Суреттенерді  «Крендель»ЖШС ұсынды 

Барлық жаңалықтар