• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтардың 30%-ы Денсаулық сақтау министрлігнің скринингтік бағдарламасының қатысушысы болды

Қазақстандықтардың 30%-ы Денсаулық сақтау министрлігнің скринингтік бағдарламасының қатысушысы болды

7 Қараша, 2013 13:15
Ұлттық скринингтік бағдарламаға отандастарымыздың 30 пайызы тартылған, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Алматыдағы емханаларды аралау барысында.

«Қазақстанда ауру қаупі факторларының алдын алу мен ауруды ертерек анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Оған отандастарымыздың 30%-ы тартылды. 2013 жылдың 9 айында скрининг барысында 1000 адамның бойынан аурудың белгілері анықталды. Солардың 70 пайызы аурудың алғашқы кезеңінде болған», - деді министр.

Бас дәрігердің айтуынша, елде инфекцилық емес ауруларды бақылаудың пилоттық бағдарламасы қабылданған, соның ішінде бірінші кезекте тұрғаны гипертония, қант диабетін қадағалау болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Алматыда ЮНИСЕФ/ДДҰ-ның Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған Халықаралық конференция өткен болатын.

 

Барлық жаңалықтар