Елбасы Жолдауы-кемел келешектің кепілі

8 Желтоқсан, 2015 10:36
Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауын асыға күтеміз. Бүгін Президент біздің алдымызға жаңа бағыттар мен бастамалар қойды. Еліміздің бақытты, жері гүлденген, «Мәңгілік Ел» болып қалуына аянбай еңбек ету керектігін жеткізді,деді Ақмола облыстық Егіндікөл аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Майра Мырзатханқызы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«2017 жылы «Барлығына тегін техникалық – кәсіби білім» жаңа жобасы іске қосылғанда, қаншама жастар, әсіресе, кезінде білім алуға жағдайы болмаған, қазір екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер үшін қолайлы болмақ.Еңбек нарығына қажет мамандыққа оқып, тұрақты жұмысқа орналаса алады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға жоғарлайды. Бұл әрине ұстаздар қауымы үшін зор қуаныш», - деді М.Мырзатханқызы. 

Ол атағандай, «облысымызда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 91%-ға дейін жеткізілді. Қазіргі уақытта, сапалы білім беру үдерісін жүргізу үшін барлық жағдай жасалған».

Сондай-ақ, облыста апатты және үш маусымды оқыту мектептері жоқ.  Оқушы орнының тапшылығын төмендету мақсатында ағымдағы жылы 884 орынға 3 мектеп пайдалануға берілді.

«2500 орынға 7 мектептің құрылысы жалғастырылуда, оларды 2016 пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл  - үлкен жетістік. Әрі қарайда өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында ұстаздар тартынып қалмайды. Біз білім саласының қызметкерлері Президентіміздің салиқалы саясатын қашанда қолдаймыз», - деді ол.  

 

Барлық жаңалықтар