ҚР Ұлттық банкі төрағаларының орынбасарлары тағайындалды

7 Желтоқсан, 2015 20:37
Мемлекет басшысы бірқатар өкімдерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің Өкімімен:

Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне;

Ғалымжан Олжайұлы Пирматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен;

Қуат Бәкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

 

Барлық жаңалықтар