- Басты
- Жаңалықтар
- АМӨЗ жаңғырту бағдарламасының бірқатар нысандары пайдалануға берілді
АМӨЗ жаңғырту бағдарламасының бірқатар нысандары пайдалануға берілді
Жобаны «кілтке тапсыру» келісімі 2009 жылғы 29 қазанда «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес кәсіпорны – «АМӨЗ» ЖШС мен «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» (ҚХР) компаниясы арасында жасалған болатын. «ХКӨ құрылысы» жобасын қаржыландыру мақсатында Қазақстанның Даму банкісімен Бас несиелік келісімі жасалды. Технолоиялық үдерістің лицензиары болып француздың «Axens» компаниясы кірісті. 2015 жылғы алғашқы бензол мен параксилолдың тәжірибелік өндірістік партиясы алынды.
Мемлекеттік комиссия мақұлдаған нысандардың тізімінде каталитикалық риформинг қондырғысы катализатордың тоқтаусыз қызмет етуін қамтамасыз етеді. Оның жылдық өндірістік қуаты 1 миллион тонна шикізат алуға жетеді. Сонымен қатар бензол мен толуолды экстракциялау қондырғысы орнатылды.
Жаңадан тұрғызылған кешеннің нобайы екі вариант бойынша жағар май және мұнай химиясы бойынша жұмыс істейді. Жағармай варианты жоғары октанды бензин өндірісі максимальды жүзеге асырылады. Мұнай химия нұсқасы бензол мен параксилол өндірісіне бағытталған.
АМӨЗ инновациялық технологиясы автокөлік бензині сапасын Кеден Одағы Техникалық Регламенті талабына сәйкестендіріп, экологиялық сыныбын К3, К4-ке, бензол деңгейін бір пайызға жеткізуді көздейді.
Алғашқы пайдалану кешені автокөлік бензині сапасын экологиялық жақсартып, бензол құрамын азайтып, хош иісті көмірсутегін шығарады.
Бірінші пайдалану кешені іске қосылған кезде, бірқатар міндеттер атқарылады. Олардың ішінде екінші үдеріс қуаты артады; сутегі өндірісі өседі, Қазақстанды қазіргі заманғы сапалы мотор майларымен қамтасыз ету мақсатындағы су қондырғыларын тазалау, технологиялық қуатын барынша тиімді пайдалануға жеткізеді.
Аталмыш кешенде 277 жұмыс орны қамтылады.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті