- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет Елбасының тапсырмасын орындап жатқан жоқ - А. Перуашев
Үкімет Елбасының тапсырмасын орындап жатқан жоқ - А. Перуашев
Өздеріңіз белгілі, жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрліктер кабинетінің жұмысына бірқатар сын тағып, көптеген тапсырмалар берген еді.
«Мемлекет пен қоғамның дамуымен бірге үкіметтің де жетілуі керек. Осы уақыт аралығында біз түрлі үкіметті, түрлі құрам мен министрлерді көрдік. Алайда мен бүгінгі үкімет секілді жұмысын сылбыр орындайтын үкіметті бұрын-соңды көрмедім. Бүгінгі үкімет Мемлекет тапсырмаларына немкетті қарайды. Бұл менің жеке пікірім және «Ақжол» партиясы фракциясының мүшелері де осы ойда», - деді А.Перуашев.
Мәжілісменнің айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырсындағы Мемлекет басшысының берген тапсырмалары аспаннан алынған сөз емес, ол Елбасының стратегиялық көрегендігінің көрінісі.
«Мемлекет басшысының 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы министрлер кабинеті жұмысына қатысты айтқан сындары аспаннан алынған сөз емес, ол Елбасының стратегиялық көрегендігінің көрсеткіші. Елбасы осынау жоспарлы саясатын тәуелсіздік алғашқы жылдарынан бері жүйелі жүзеге асыруға күш салып келеді. Соның ішінде үкіметтің кәсіби жетіліп, жауапкершілігі мол үкіметке айналуы да қамтылған», - деді депутат.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының берген тапсырмалары ұзақ мерзімді қамтиды, сол себепті атқарушы билік кезекті қамшылау мен тапсырмаларды күтіп отыра бермей, аталмыш саясаттың аясында өздерінше бастама көтеріп, өз беттерімен жұмыс істеу керек. Атап айтқанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясын зерделей отырып, соның үдесінде қызмет етулері керек.
Сонымен қатар, Перуашев қазіргі жағдайдың парламенттік бақылауға мұқтаж екенін жеткізді. Осы орайда Үкімет пен парламенттік фракциялардың өзара бірігіп іс атқару керектігін атап өтті.
«Бұл белгі мемлекетке де, қоғамға да көппартиялы парламентизмді дамыту үшін заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қатынасты қалпына келтіру керектігін білдіреді», - деп түйіндеді А.Перуашев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады