- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта «Аяз Атаға хат жаз» акциясын іске қосты
Қазпочта «Аяз Атаға хат жаз» акциясын іске қосты
Компания хабарлағандай, қазіргі таңда, барлық облыстық орталықтардың почтамттарында, сонымен қатар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының «Мега» сауда, ойын-сауық орталықтарында Аяз Атаға хат жіберуге арналған жәшіктер орнатылған.
«Өткен жылы, біз әртүрлі өтінішпен мыңдаған хат қабылдадық. Біреуі жаңа смартфон сұраса, басқасы көптен бойы кәмпит жемегенін жазады. Балалармен қатар, киім мен тағам өнімдерін сұрайтын зейнеткерлер де хат жазады. Спонсорлардың көмегімен және өзіміздің күшімізбен, балалар мен басқа да ниет еткен адамдардың армандарын орындаймыз. Осы жылы, қолдау өтінішіне «Казахинстрах» СК, Beeline Kazakhstan және «Oyla» журналы атсалысты. Сонымен бірге, өңірлердегі кіші және орта бизнес өкілдері көмек қолын беруде. Біреудің арманын орындап, Жаңа жыл алдындағы сыйқырдың бар екенін дәлелдеу біз үшін өте жағымды әрекет» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі бөлісті.
20 желтоқсанда хаттарды қабылдау тоқтатылады. Барлық хаттар «Қазпочта» АҚ бас кеңсесінде жиналып, сұрыпталғаннан соң, серіктестер мен компания өкілдерінен тұратын арнайы комиссия сыйлықтарды таңдайды. Біріншіден сыйлықтарды әлеуметті қорғалмаған, осалды және табысы аз тұрғындардың балалары, жетімдер алады.
Хаттар өңделгеннен кейін, сыйлықтар еліміздің өңірлеріне және филиалдарға жіберіледі. Сыйлықтарды Аяз Ата мен Қаршақыз болып киінген компания мен серіктестердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері тапсырады.
Сыйлықтармен бірге, Аяз Атаның құттықтау сөздері жазылған әдемі хаттар табысталады. Ол үшін, балалар өз мекенжайын жазуды ұмытпау керек.
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды