- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысының 500 мың га жуық алқабы ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады
Ақмола облысының 500 мың га жуық алқабы ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады
Естеріңізге сала кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік аймақтық парктер, мемлекеттік жануарлар парктері, мемлекеттік ботаниқалық бақтар және мемлекеттік табиғи ескерткіштер жатады.
Ақмола облысының жерқатынастары басқармасының мәліметі бойынша, аймақтың 472,2 мың га жуық алқабы немесе жалпы ауданының 3,2 % ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады.
Өңірдің туристік кластері бай табиғи ресурстарға ие, олар: «Бурабай», «Бұйратау» ұлттық табиғи парктер, сонымен қатар ЮНЕСКО-ның табиғи құндылықтар тізіміне енгізілген Қорғалжын мемлекеттік қорығы.
Жаңа құрылған «Бұйратау» ұлттық бағы шамалы құрғақ пен құрғақ жерлер суб-зоналар арасында ауыспалы белдікте орналасқан және бұл аумақтың қайталанбас мәні далалы жерлер мен орманды жерлердің (қайың, қыршаңқы) үйлесіп келуінде. «Бұйратау» бағы Ақмола облысы Ерейментау ауданы (60814 га) мен Қарағанды облысы Осакаров ауданы (28154 га) аумағында орналасқан. Оның жалпы ауданы 88 968 га..
Ал, «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды. Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.
Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары