• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Перуашев: Үкімет өз жұмысын жүзеге асырарда «Қазақстан-2050» Стратегиясына сүйенуі қажет

А.Перуашев: Үкімет өз жұмысын жүзеге асырарда «Қазақстан-2050» Стратегиясына сүйенуі қажет

7 Қараша, 2013 09:50
Үкіметтің мүшелері кезекті тапсырманы күтіп отыра бермеулері керек, деп мәлімдеді «Ақжол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев мәлімдеді.

Өздеріңіз белгілі, жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрліктер кабинетінің жұмысына бірқатар сын тағып, көптеген тапсырмалар берген еді.

«Мемлекет пен қоғамның дамуымен бірге үкіметтің де жетілуі керек. Осы уақыт аралығында біз түрлі үкіметті, түрлі құрам мен министрлерді көрдік. Алайда мен бүгінгі үкімет секілді жұмысын сылбыр орындайтын үкіметті бұрын-соңды көрмедім. Бүгінгі үкімет Мемлекет тапсырмаларына немкетті қарайды. Бұл менің жеке пікірім және «Ақжол» партиясы фракциясының мүшелері де осы ойда», - деді А.Перуашев.

Мәжілісменнің айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырсындағы Мемлекет басшысының берген тапсырмалары аспаннан алынған сөз емес, ол Елбасының стратегиялық көрегендігінің көрінісі.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы министрлер  кабинеті жұмысына қатысты айтқан сындары аспаннан алынған сөз емес, ол Елбасының стратегиялық көрегендігінің көрсеткіші екендігін атап өтті.

 

 

 

Барлық жаңалықтар