• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан – Қытай» газ құбырының қуаттылығы 2017 жылы 55 млрд текше метрге дейін жетеді

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының қуаттылығы 2017 жылы 55 млрд текше метрге дейін жетеді

7 Желтоқсан, 2015 15:43
2017 жылы 6 компрессорлық станция құрылысы аяқталған соң «Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуаттылығы 30-дан 55 млрд текше метрге жетеді, деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

«Осыдан бір апта бұрын Алматы облысы Жамбыл ауданында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші «С» желісі және екі компрессорлық станса іске қосылып, газды айдау жұмыстары басталды», - деді М.Мырзағалиев.

Сондай-ақ, 2017 жылы 6 компрессорлық станция құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

«2017 жылы аяқталатын алты компрессорлық станса салынып болған соң «С» желісінің жылдық өнімділігі 25 млрд. текше метрді құрайды. Нәтижесінде, «Қазақстан-Қытай» құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді», - деді ол.

Айта кетейік, аталған жоба толығымен шетелдік инвестициялармен қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде 14 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған болатын, ал пайдалану кезінде тағы мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар