- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әлеуметтанушы 200-ге жуық ғылыми жұмыс жариялады
Қазақстандық әлеуметтанушы 200-ге жуық ғылыми жұмыс жариялады
Профессор атап өткендей, ол 200-ге жуық ғылыми жариялымдардың авторы, оның ішінде ұжымдық моногорафиялардың қосымша авторласы болып табылды.
Сонымен, 2005 жылы Зарема Кәукеновқызы жоғарғы оқу орындарына арналған «Әлеуметтану оқулығы» әлеуметтану бойынша кітаптың жауапты редакторы атанды, сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Әлемдік әлеуметтану антологиясы» әлеуметтік ойлар антологиясы көптомдығының авторласы атанды.
2011 жылы бірқатар ұжымдық монографиялардың авторласы атанды, сонымен қатар 2015 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» атты ұжымдық монографиясы оның авторластығымен жарыққа шықты және т.б.
Зарема Кәукенқызы Шәукенова 1965 жылы 29 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келіп, Теміртаудағы №20 орта мектепті аяқтады. Жоғары білімді Ленинградтық мемлекеттік университетте алды. Ал, 1990 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің аспирантурасының сырттай бөліміне оқуға түсті.
1995 жылы алғашқы ғылыми дәрежесі – психология ғылымдарының кандидаты атағын алды, ал 2003 жылы доктор дәрежесіне ие болды. 2006 жылы профессор, ал 2012 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондеті-мүшесі атанды.
Өзінің еңбек жолын ғалым Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытында бастады. 1987-1997 жылдар аралығында психолог болып жұмыс істеді. 1997 мен 2007 жылдар аралығында Астанаға көшіп келіп, “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әлеуметтану, психология және педагогика бойынша диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Әлеуметтану ғылымының 1 докторын (Тынышбаева А.А.) және 3 кандидатын дайындады. 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры.
Жалпы, З. Шәукенованың әлемметтану саласындағы еңбегі мемлекет тарапынанда жоғары бағаланды. Сонымен, 2011 жылы З. Шәукенова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» наградасы және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.
Индира Кауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі