- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін 2 ірі жобаның іске қосылатынын айтты
Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін 2 ірі жобаның іске қосылатынын айтты
Қ.Бозымбаев кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.
Қазақстан Президенті негізгі мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындаудың, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаудың маңыздылығына назар аударды.
Павлодар облысының әкімі бүгінде өңірді дамытудың маңызды факторы Индустрияландыру картасын жүзеге асыру болып отырғанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, екінші бесжылдық аясында құны 1,2 триллион теңге мөлшеріндегі 24 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында 6 мың жұмыс орны ашылады.
Қ.Бозымбаев сондай-ақ инвестиция тарту жұмыстары туралы да айтты. Биылғы 10 айда бұл көрсеткіштің өсімі 40 пайызды құраған. Павлодар облысының әкімі сонымен қатар Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырған мұнай коксын қыздыру және агрохимиялық өнім өндірісі жөніндегі екі ірі кәсіпорын туралы баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары