- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бишімбаев Елбасына «Бәйтерек» холдингінің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады
Қ.Бишімбаев Елбасына «Бәйтерек» холдингінің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады
Қ.Бишімбаев кездесу барысында Елбасыға холдингтің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды.
Қ.Бишімбаев жүзеге асырылып жатқан» Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл холдинг желісі бойынша 29 мың жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнестің 10 мыңнан астам субьектісіне қолдау көрсетілгенін, соның арқасында салық түсімдерінің көлемі 40 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар бүгінде жалға берілетін әлеуметтік баспана бағдарламасы бойынша 5,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін олардың саны 7 мыңға дейін жеткізіледі.
Холдинг басқармасының төрағасы сондай-ақ инвестиция түрінде 320 миллиард теңге берілгенін, бұл қаражат химия, өндіру және мұнай өңдеу, металлургия және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жаңа 13 ірі индустриялық жобаны жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.
Қ.Бишімбаев үздік әлемдік тәжірибені ескеріп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа елдердің осындай бағдарламаларының үлгісімен әзірленген «Бәсекелестік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады. Бүгінде оған қатысушы компаниялардың бірқатары холдингтің даму институттарынан қаржылық қолдау алып, әзірлеген бастамаларын енгізумен айналысуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар