• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева «Golden Europea» жоғарғы сыйлығына ие болды

Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева «Golden Europea» жоғарғы сыйлығына ие болды

7 Қараша, 2013 10:15
Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева (сопрано) өнер және мәдени қызмет саласында «Golden Europea» (Алтын Еуропа) жоғарғы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды «Астана Опера» МОБТ баспасөз қызметі.

«Опера әншісі Прагада 4 қарашада өткен қайырымдылық гала концертінде өнер көрсетіп, елге алтын мүсіншемен және дипломмен оралды. Аталған марапатты дүние жүзінде небары 20 адам иеленген екен», - делінген хабарламада.

Салтанатты гала-концерт прагалық Рудольфинумде, жаман ауруға шалдыққан балаларды қолдап, олардың заманауи технологиямен жабдықталған ең үздік медициналық мекемелерде емделуіне мүмкіндік беру үшін қаржы жинау мақсатында өтті

«Кеш бағдарламасында Г. Доницеттидің, Дж. Вердидің, Дж. Россинидің шығармалары шырқалды. Әсіресе көрерменге А. Дворжактың «Су перісі» операсынан Су перісінің ариясы ұнады. Мен бұл шығармаға жоғары жауапкершілікпен дайындалдым, себебі чех тілінде орындадым, әнді нақышына келітіріп, мінсіз орындағым келді. Мәтінмен, екпінмен тынбай жұмыс жасадым, нәтижесінде чехтар менің әнді қалай айтқаныма, жалпы Су перісінің ариясын орындағаныма таң қалып, сахнаға екі мәрте шақырды», - деді Нұржамал Үсенбаева.

 

Барлық жаңалықтар