- Басты
- Жаңалықтар
- 4000-ға жуық қазақстандық ресми түрде Қарулы Күштердің қатарына қабылданды (ФОТО)
4000-ға жуық қазақстандық ресми түрде Қарулы Күштердің қатарына қабылданды (ФОТО)
4000-ға жуық қазақстандық Отанға деген адалдыққа ант берді және ресми түрде қазақстандық армияның қатарына кірді. Осы күзде жаңадан шақырылғандарды ант қабылдауға келтіру қарашаның 14-і мен желтоқсанның 6-ы аралығында өтті. Осы уақыт ішінде әскери антты «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Әуе қорғанысы күштерінің, арнайы әскерлердің, Әскери полициясы бас басқармасының әскери бөлімдерінің, Армия орталық спорт клубы мен Байланыс бас басқармасының шақырылушылары қабылдады.
Ағымдағы шақырылымның соңғы рәсімі өткен аптада өтті. Оның ішінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Аягөз гарнизонының 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде әскери антқа 210 жаңадан шақырылушы, 27943 әскери бөлімінде 250 жас сарбаз, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімінде 260 шақырылушы, 41433 әскери бөлімінде 80 жас сарбаз келтірілді. Осымен шақыру мен жасақтау толық көлемде аяқталды деп есептелінеді.
Алайда, шақыру кампаниясы аяқталғанымен, жас сарбаздардың әскери ант қабылдауы сәтінен бастап барлығы енді ғана басталады. Алдағы уақытта олар Отан алдындағы бір жылғы борышын өткеріп, күрделі әскери ғылымды меңгеруі қажет. 2015 жылдың күзінде Қарулы Күштердің әскерлеріне әскери қызметке кейінге шақырылуға және шақырылудан босатылуға құқығы жоқ шақырылым жасындағы 4000-ға жуық қазақстандық шақырылуға жатқанын айта кеткен жөн. Бозбалалар еліміздің барлық өңірлері мен облыстарынан шақырылды. Жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша жүргізілді. Жалпы алғанда, ағымдағы жыл бойынша Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі шақырылым жоспары 100%-ға орындалды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады