• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-дағы Ауыл шаруашылығы кооперативтері «бір мүше-бір дауыс» қағидасы бойынша жұмыс істейді

ҚР-дағы Ауыл шаруашылығы кооперативтері «бір мүше-бір дауыс» қағидасы бойынша жұмыс істейді

7 Желтоқсан, 2015 11:42
ҚР-дағы Ауыл шаруашылығы кооперативтері «бір мүше-бір дауыс» қағидасы бойынша жұмыс істейді, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агрөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының жетекшісі Рүстем Құрманов.

««Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң кооперативтерге таңдау жасауды еркіндік береді. Заң бойынша Қазақстандағы  ауыл шаруашылығы кооперативтері «бір мүше-бір дауыс» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұрынғы заң жобаларында кооперативтердің қайсысы жарғылық қорға мол ақша салса, ол ұйым көбірек дауыс беретін еді. Ал қазіргі заң бойынша бір кооператив бір дауысқа ие. Оның жарғылық қорға салған ақшасына қарамай, өзгелермен құқығы теңестіріліп отыр», - деді Р.Құрманов. 

Ол атап өткендей, заңнамаға енген өзгертулер кооперацияның қызметін ашық ете түседі.

«Заң кооперативтердің қызметіне аудит жүргізуді бір ізге салды. Кооперативтердің мүшелері аудит жалдап, өз кооперативінің қызметін тексерте алады. Сонымен қатар бұл заң шаруалардың табысын молайтады. Бұрынғы заңның мақсаты табыс емес, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталса, бұл жаңа заң шаруалардың толағай табыс табуына мүмкіндік жасайды», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қазанында Парламент «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңды қабылдаған еді.Құжат өз күшіне 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енеді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар