Қазақстанның инвестициялық омбудсмені екі жыл ішінде 100 сауал алды

7 Желтоқсан, 2015 11:29
Қазақстанның инвестициялық омбудсмені екі жыл ішінде 100 сауал алды, оның ішінде заңнаманы жақсарту жөніндегі ұсыныстар да бар, деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов.

«Біздің агенттік жаңа инвесторларды тартумен ғана емес, постинвестициялық қолдаумен де айналысады. Біз Қазақстанда бұрыңғы инвесторларды сақтап қалып, шетелге түсімді шығарма, керсінше елге жаңа инвестициялар тартқанын жүзеге асырамыз. Бұл шараларды жүзеге асырудың бір амалы инвестициялық омбудсмен болып табылады. Қазақстандағы инвестициялық омбудсмен болып ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев есептеледі. Ал, «KAZNEX INVEST» жұмысшы омбудсмен органы болып саналады», - деді Қ.Қарманов.

Омбудсменнің қызметі туралы айтсақ, осы жылы 140 инвестормен кездесу ұйымдастырылды, Қазақстанның барлық өңірлеріне сапар жасалды. Инвесторлар арасында сауалнама жүргізіліп, 50 сауалнама жиналды. 40 мәселе инвестициялау бойынша келіп түсті.

«Екі жыл ішінде 100 үндеу келіп түсті, олардың 50 пайызына сәйкесінше жауап берілді. Министрдің төрағалығымен үнемі инвестициялық омбудсмен отырысы өткізіледі. Осы жылғы соңғы отырыста жеті компания бойынша мәселе шешілді. Негізгі үндеулер: салықтық және кедендік сұрақтар, визалық, еңбек, көші-қон заңнамасы, жер мәселелері болып келеді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар