Каир Астанамен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын – Мысыр елшісі

7 Желтоқсан, 2015 12:03
Ресми Мысыр ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын қолдайды. Бұл туралы «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан мен Қырғызстандағы Мысыр Араб Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі Хайсан Салах Камел Ибрахим хабарлады.

«Біз Қазақстан халқына Жолдауын қолдаймыз. Бұл стратегиялық құжат Астанада тіркелген дипломатиялық корпусқа жолданған десе де болады. Жолдау біздің жұмысымызға үлкен серпін берді. Біз Қазақстандағы барлық шараларға, яғни екі елдің қарым-қатынасын дамытатын шетелдік инвестицияларға қатысуға дайынбыз», - деді Хайсан Салах Камел Ибрахим.

Сонымен қатар, дипломат атап өткендей, «Қайырымдылық керуені» акциясын өткізуге және жұмысын толығымен қолдайды.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар