Алматыда азық-түлік өндірісін қолдау мәселелері талқыланды

7 Желтоқсан, 2015 13:56
Алматы қаласы әкімдігінде негізгі тамақ өндірісі кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өтті. Шара барасында азық-түлік белбеуін дамыту, азық-түлік өндірісіне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

«Даму»АҚ, «Қазагромаркетинг»АҚ, «KaznexInvest»АҚ дамыту институттары   «Агробизнес 2020», «БДЖК - 2020», «Жібек жолы», «Инвестор - 2020», «Экспорт - 2020» бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау көрсету құралдарын таныстырды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аталып өткендей, даму институтарының арасында инвестициялық шығындарды, сыйақы пайызын субсидиялау және түрлі кепілдендірулер кеңінен танымал.  
Мысалы, қайта өңдеу зауытының құрылысы мен құрал-жабдықтарды сатып алуға кәсіпкер 20-50% көлемінде субсидия алуға иек арта алады. 

Барлық жаңалықтар