2015 жылы KAZNEX INVEST жалпы сомасы 6 млрд долларға 124 инвестқұжатқа қол қойды

7 Желтоқсан, 2015 10:52
2015 жылы ұйымдастырылған халықаралық бизнес форумдарда жалпы сомасы 6 млрд долларға 124 әлеуетті инвестициялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Карманов есептік баспасөз конференциясында.

«2015 жылы «KAZNEX INVEST» 22 бизнес-форум ұйымдастырды. Олардың ішінде 16-ы Қазақстанда өтсе, 6-уы шетелде болды. Осы форумдардың бірі  Италия, Венгрия, Литва, Хорватия, Үндістан, Сербия мен өзгеде елдердің басшыларының қатысуымен өтті. Нәтижесінде, 2015 жылы ұйымдастырылған халықаралық бизнес форумдарда жалпы сомасы 6 млрд долларға 124 әлеуетті инвестициялық құжатқа қол қойылды», — деді Қ. Карманов.

Ең табысты форумдардың бірі ретінде Миланда «ЭКСПО-2015» көрмесі барысында өткен форумды айтса болады, онда 400-ден астам қатысушы болды және оның барасында жалпы сомасы 400 млн долларға 23 екіжақты құжатқа қол қойылды.

«Сонымен қатар 27 қазанда Астанада ұйымдастырылған форумға Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ келді, онда 600-ден астам қатысушы болды және оның барасында жолпы сомасы 15 млрд доллардан астам қаражатқа 15 инвестициялық құжатқа қол қойылды», — деп атап өтті ол.

Барлық жаңалықтар