• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанға 10 жыл ішінде 215 млрд доллар жалпы тікелей инвестиция құйылды - KAZNEX INVEST

Қазақстанға 10 жыл ішінде 215 млрд доллар жалпы тікелей инвестиция құйылды - KAZNEX INVEST

7 Желтоқсан, 2015 10:32
ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2015 жылдың 1 жарты жылдығы аралығында жалпы тікелей инвестициялар ағымы 215 млрд долл құрады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Карманов есептік баспасөз конференциясында.

«ЮНКТАД Дүниежүзілік инвестициялық есепке сәйкес 2014 жылы әлемде  жалпы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі (ТШИ) 16%-ға азайды. ТШИ өсімінің басым бөлігі Азияның дамушы елдерінде байқалып отыр. Атап айтар болсақ, олар Қытай, Гонконг және АҚШ-тың өзге аймақтарында. Қазақстан ЮНКТАД есебінде дамушы елдер арасында 16 орынға жайғасты, ал барлық мемлекеттердің арасында 28 орынға табан тіреді, яғни біз 30 елдің қатарына енеміз. Біз экономикасы ауысып жатқан елдердің қатарына жатамыз, алайда бізде теңізге шығатын тікелей жол жоқ, демек инвестиция да тарту қиын»,- деді Қ.Карманов.

Агенттік төрағасының орынбасары хабарлағандай, ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес Қазақстанға  2005 жылдан бастап 2015 жылдың 1 жарты жылдығы аралығында жалпы тікелей инвестициялар ағымы 215 млрд долл құрады.

«Оның ішінде 17 млрд долл – қайта өңдеу секторына тартылған инвестициялар. Бұл индустрияландыру жылдары тартылған инвестициялардың 70%-ын құрайды»,- деп түсіндірді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар