- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамдық ұйымдар Шымкенттегі туризмді дамытуды қолдайды
Қоғамдық ұйымдар Шымкенттегі туризмді дамытуды қолдайды
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қызығушылық білдірген барлық тараптарды Шымкент пен ОҚО-да туризмді дамыту жолдарын және қалыптасқан үрдісті талқылауға тарту, сондай-ақ қазақстандықтар үшін де, шетелдіктер үшін де өңірдің тартымдылығын арттыру бойынша жаңа идеяларды іздеп табу. Іс-шараны «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының қолдауымен «Ұлы Дала» азаматтық бастамашыл тобы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге танымал қазақстандық өлкетанушы ғалымдар, тарихшылар, өнер және мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ туристік компаниялар, БАҚ, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдай отыра, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «...қуат көзін тасымалдаушылар бағасы арзан болып тұрғандықтан, Қазақстан экономикалық өсу тетіктерін өз ішінен іздеу керек»,-деді. Сонымен қатар, Елбасы экономикалық өсудің жаңа аймақтық қозғаушы күштерін қалыптастыру маңыздылығын ерекше айтып өтті. Қоғам белсенділерінің ойынша, Шымкент қаласы мен барша Оңтүстік-Қазақстан облысы үшін осындай қозғаушы күштердің бірі – туризм болмақ.
Қазіргі таңда, ОҚО-да туризм негізгі екі бағытта дамуда. Бұл, біріншіден, Отырар мен Түркістандағы қасиетті орындар және «Сарыағаш» шипажай аймағы. Шымкент туристік нысан ретінде тиісті бағасына ие болмай отыр. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Шымкентке Қазақстанның басқа аймақтарынан, алыс, жақын шетелдерден шамамен 18 216, Түркістанға – 900 мың, Сарыағашқа – 70 мың адам демалуға келген.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар резолюция қабылады. ОҚО-да туристік кластерді дамыту үшін мүмкіншілік жоғары екені баса көрсетілді. Сонымен қатар, ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар осы кластердің орталық нүктесі ретінде Шымкент қаласын ұсынып отыр.
Олардың пікірінше, оңтүстік мегаполис туристтер легін облыстың түкпір-түкпірлеріне қарай бағыттайтын жолайрық, тыныстайтын бекет болуы тиіс. Басты міндет – тек туристтерді тарту ғана емес, бірнеше орындарға апару арқылы олардың тұрақтау ұзақтығын ұлғайту. Туризмді дамытуға тамашалайтын бірқатар оңашаланған орындар тұрғысынан емес, кешенді құрылым тұрғысынан қарау керек.
Дөңгелек үстелге қатысқандар Шымкент қаласын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасындағы ережелердің өзектілігін ерекше атап өтті. Олар жергілікті биліктің инфрақұрылымды жаңғыртуға, қауіпсіз, ақылды қала құруға, бүкіл ОҚО-ның туристік мүмкіндіктер кешеніне айналатын жаңа Шымкент брендін жасап, оны алға тартуға деген ұмтылыстарын құптады.
-
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
АҚШ Президент Қ. Тоқаевтың реформаларын қолдайды -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады