• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев ЕАЭО көлік министрлерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Ә.Исекешев ЕАЭО көлік министрлерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

7 Желтоқсан, 2015 18:49
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың көлік министрлерінің дәстүрлі кездесуі өтіп, онда ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлады ИДМ.

Келіссөздер барысында Қазақстан жағы дайындаған үйлестірілген  көлік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастыру туралы, сонымен бірге теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификатын берудің тәртібі мен талаптарының ортақ тәсілімдемесінің жобасын келісіп, мақұлдап оны Комиссия алқасына шығаруға уағдаласты.

Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен РФ Көлік министрі М.Соколов арасында көлік саласындағы ынтымақастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті.

ҚР ИДМ басшысы қазақстандық автокөлік құралдарының Ресей аумағы арқылы транзиттік өтулері мәселесін қозғады. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар аталған мәселені екі елдің кеден органдарының қатысуымен тездетіп шешуге келісті.

Атап өтетін жайт, қазіргі уақытта қазақстандық тасымалдаушылар баламалы бағыттардың бірі ретінде Баку-Ақтау паромдық өткелін пайдалануға мәжбүр болып отыр.

 

Барлық жаңалықтар