• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессионалдық процесстерді тиімді басқару мәселесі талқыланды

Қызылордада өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессионалдық процесстерді тиімді басқару мәселесі талқыланды

7 Қараша, 2013 09:36
Қызылордада Қазақстан халық Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этникааралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының «Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессионалдық процесстерді тиімді басқару» атты семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды ҚХА баспасөз қызметі.

«Семинарға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, ҚР Президенті әкімшілігі Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері, ҚХА ғылыми-сараптама кеңесі мүшелері қатысты. Ал тыңдаушы ретінде этникааралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер: қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма бастықтары мен мамандары, облыстардың, қалалардың, аудандардың ішкі саясат бөлім қызметкерлері, облыстардағы ҚХА хатшылығы меңгерушілері, облыс, қала, аудан әкімдіктерінің баспасөз қызметкерлері, этномәдени, жастар және өзге де қоғамдық қор жетекшілері, конфессия өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптама топтары мен ЖОО өкілдері және Қызылорда облыстың БАҚ өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Шараның мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында аясында этноәлеуметтік және этноконфессиялық процесстерді тиімді басқару мен Президенттің ҚХА ХХ сессиясында берген тапсырмаларын орындауда тыңдармандардың біліктілігін арттыру мен кәсіби білімін өсіру.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар