- Басты
- Жаңалықтар
- Президенттің Жолдауы-Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты құжат - ЕҰУ студенті
Президенттің Жолдауы-Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты құжат - ЕҰУ студенті
Студент атап өткендей, қарашаның 30-жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын көпшіліктің назарына ұсынды.
«Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Тәуелсіздікті нығайту, баянды ету жолында елабасымыз осы жылда бағындырған белестерді қортындылай келе, келер жылға мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің амалдарын жолдауында атап көрсеткен», - деді студент.
«Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біздің алға қойған мақсатымыз - заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеу, елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанның мәртебесін асқақтату», - деді Т.Данияр.
Оның айтуынша, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу қажырлы еңбекті қажет етеді. Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.
«Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсат-мұраттарға негізделіп жасалады. Олардың әрқайсысы өзіндік бір мақсаттарға бағытталып, белгілі бір жүйемен және оларды жүзеге асыру талаптарымен нақтылы құрылады. Елбасы Жолдаулары - Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бойынша, халықаралық қауымдастықта Қазақстанның рөлі мен орнын бекіту, оның саяси беделін арттыруға бағытталған еліміздің жалпы дамуын айқындайтын басты стратегиялық құжаттар болып табылады», - деп түйіндеді ол.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты