- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің Жолдауындағы басты мәселе дағдарысқа қарсы стратагема – шетелдік сарапшы
ҚР Президентінің Жолдауындағы басты мәселе дағдарысқа қарсы стратагема – шетелдік сарапшы
- Сардор мырза, осы жылдың 30 қарашасында ҚР Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұл стратегиялық құжат туралы пікіріңіз қандай?
- Біз соңғы жылдары әлемдік экономиканың баяу дамып келе жатқанын білеміз. Алайда, сынақтар мен қауіптер төнуі мүмкін, ол саяси аренадағы жағдаймен тығыз байланысты. Украина, Сирия, Иран, Ауғанстандағы жағдайлар ей-жай қалдырмай отыр. Бұл жағдайда Мемлекет басшылры азаматтар үшін тұрақты және қауіпсіз экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек. Қазақстан басшылығының бұл орайдағы жұмысының сәтті екені көрініп отыр.Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жалғасы. Өткен уақытта оның жүзеге асуында бірқатар нәтиже көрсеткенін де білеміз.
Мен бірінші кезекте Елбасы жарияланымындағы ең басты мәселе ретінде дағдарысқа қарсы стратагеманы айтар едім. Бір қарағанда өте қарапайым көрінетін – өсім, реформалар, даму – экономикалық дағдарыстың тек Қазақстанға емес, барлық әлем экономикасына тигізетін әсерінің алдын алу болып есептеледі.
Жаңа ғасыр қоғамның барлық саласын дамыту мен жаңғыртуды басты факторға қойды. Қазақстанда барлық мемлекеттік, қоғамдық, жеке институттар, әлеуметтік жауапкершілік, мекен-жайлық көмекті қайта жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.
- Н.Назарбаевтың бар әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бастамасын қалай бағалайсыз?
- Н.Назарбаев атап өткендей, экономикалық тұрақсыздық нәтижесінде саяси астар жатыр. Экономика мен қаржы секторы бәсекелестерге саяси қысым көрсететін басты құралға айналды. Әлемнің үздік державалары бір-біріне санкция жариялай бастады. Шулы екіжақты келіспеушілік, әлемнің әр өңіріндегі ұрыстар мен тұрақсыздық барлық әлемдік қауымдастыққа әсер етіп отыр.
Тұрақты Еуропада да көші-қон дағдарысы орын алды. Бұл мемлекеттік институттың кейбір елдерде құлдырағанын білдіреді. Бұл жағдайларды мәселені тек бейбіт жолмен шешу қажет. Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларының бірі ядролық қарудан бас тарту. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі, ол халықаралық байланыста өз дәрежесін көтеріп келе жатыр.
Экономикалық өсім, саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім Қазақстан дамуының басты факторына айналды. Қысқа мерзім арасында саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар ел басшылығының ішкі және сыртқы тиімді саясатының көрінісі болды.
- Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының даму әлеуетіне қалай баға бересіз?
- Қазақстанның одан әрі дамуының басты артықшылығы бауырлас елдермен тығыз байланысуы. Біз қоғамдық және экономикалық өмірдегі реформаларды жеделдете түсуімізге болады. Сондай-ақ, Өзбекстан Қазақстанның жедел дамып жатқан тұрақты экономикасы бар ел болып есептеледі. Біздің халықтардың тарихы мен түпкі негізі ұқсас, бауырлас.
Сондай-ақ, біздің өңір жаһандық дәрежедегі проблемаларды айналып өтпеді, ол көршілес елдердің бірігуі арқылы ғана жүзеге асырылады. Трансшекаралық су ресурстарының проблемасы Арал трагедиясы, көршілес Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай бізді тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудың күрделі жолында еңбек етуге итермелейді. Орталық Азия елдері бұл орайда бірлесіп еңбек ету қажет.
- Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері