• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: Хорватиядағы Денис Теннің жеңісі – барша қазақстандықтар үшін сыйлық

А.Мұхамедиұлы: Хорватиядағы Денис Теннің жеңісі – барша қазақстандықтар үшін сыйлық

5 Желтоқсан, 2015 16:04
Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Хорватияда өткен Golden Spin of Zagreb-2015 халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚР МСМ.

ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қазақстандық спорттың мақтанышының атына арнайы құттықтау хатын жолдады. «Құрметті Денис!   Сізді Golden Spin of Zagreb-2015 халықаралық турнирдегі жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің жеңісіңіз барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріңіз үшін үлкен сыйлық болды. Сіз күллі әлемге Қазақстанда ел намысын дүбірлі додаларда лайықты қорғай алатын мықты спортшылар бар екенін паш еттіңіз», - делінген хабарламада.   

Сонымен қатар,  Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшыға зор денсаулық және бұданда биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Загребте өткен «Golden Spin» (Хорватия) турнирін жеңіп шықты. Қорытынды біліктілікте Денис америкалық Адам Риппон мен ресейлік  Адьян  Питкеевті басып озып,  276.39 балл жинады.

Барлық жаңалықтар