• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады – СІМ

Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады – СІМ

5 Желтоқсан, 2015 14:32
Гаага қаласында (Нидерланд Корольдігі) қазақстандық-нидерланд СІМ-аралық консультациялары болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.

Іс-шараға Қазақстандық тараптан ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев, нидерландық тараптан Нидерланд СІМ Ұйымдық-әкімшілік жұмыс жөніндегі бас директоры Маргарет Хансинк қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар салу көлемі бойынша 4-ші орынды иемденетін Нидерланд мәртебесін ескере отырып, кездесу барысында тараптар сыртқы саяси ведомстволарының инвестициялар тартудағы және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудегі рөлін, дипломаттарды халықаралық экономикалық ұйымдарға, жетекші «ақылмандар» орталықтарына және басқа құрылымдарына сабақтас ауыстыру мүмкіндігін талқылады.      

Нидерланд тарапы Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру ұмтылысына жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

«Консультациялар барысында жақында өткен Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы талқыланды, бұл сапар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін растады. Тараптар сыртқы саяси ведомстволардың әкімшілік қызметін ұйымдастыру, кадр әлеуетін дамыту, халықаралық мамандарды даярлау, шет елдердегі мекемелердің жұмыс тиімділігін бағалау және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасты», - делінген хабарламада.

А. Қарашев нидерландық әріптестерге Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының негізгі ережелерімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде Қазақстанның қол жеткізілген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысымен таныстырды.

М. Хансинк дипломатиялық қызмет жүйесін жаңғырту және кәсіптік дипломатиялық кадрларды қалыптастыру бойынша Нидерланд тәжірибесі туралы айтып берді.

Тараптар өзара мүддені білдіретін әртүрлі мәселелер бойынша СІМ-аралық консультациялар практикасын жалғастыруға уағдаласты. 

Барлық жаңалықтар