- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ-да теміржолшы жастардың форумы өтуде
ҚТЖ-да теміржолшы жастардың форумы өтуде
«Жастардың республикалық форумы - кадр әлеуетін дамытудың бөлінбес бөлшегі. Форум жастардың кәсіби дамуына, саланы прогресшіл жасампаздармен толықтыруына, шығармашылықпен ойлай алатын жетекшілер жасақтауға қызмет етеді. Форум жаңа ойлармен, тәжірибелер алмасудың алаңы болып қала береді»,-деп атап өтті ҚТЖ әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Қорлан Медиханова.
Атыраулық пойыз диспетчері Бекжан Жиембетовтің айтуынша, жастардың республикалық форумға қатысуы – бұл жастардың біліктілігін көтеріп қана қоймайды. Олардың жаңа достар, пікірлестер тауып араласуына да септігін тигізеді.
Биылғы форумда жастар коммуникациялық Фейсбук, Инстаграм, Жас темір - электронды желілері арқылы да репортаждар алмасады.
Форумда басты тақырыпты талдау барысында көлік жүйесін дамытудың стратегиялық болашағы талданды. Жас теміржолшылар Ұлттық компанияның вице-президенттері, басқарушы директорлары, еншілес кәсіпорындардың бірінші басшылары қатысқан мастер класс, тренингтерде шыңдалады.
Айта кету керек, компанияда Жастар бағдарламасын жүзеге асыру аясында биылғы жылы білім тренингтері мен байқауларға үш мыңнан астам жас теміржолшы қатысты. Олардың ішінен «Менеджмент жобасы», «Жас кәсіби маман», «Жастар көзқарасы», «Есте сақтаймыз. Мақтанамыз. Ізбасармыз», «ҚТЖ стар», «Болашақ басқарушылар» байқауларының жеңімпаздары анықталып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 5-ші Республикалық жастар форумына қатысуға жолдама алды.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі -
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты» -
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай -
"Ақжол" партиясының депутаттары жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін көтерді -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң -
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті -
БҚО-дағы ауыл әйелдерінің форумы: Ауылда кәсіп ашудың мүмкіндіктері талқыланды -
Ауыл әйелдері форумы: Жетістікке жеткен әйелдер тәжірибесімен бөлісті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Табысты кәсіпкер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті -
"ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсы өтуде