- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» ҚР Тәуелсіздік күніне мерекелік концерт дайындауда
«Астана Опера» ҚР Тәуелсіздік күніне мерекелік концерт дайындауда
Театрдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 16 желтоқсанда театрдың Мәрмәр залында опералық сахнажұлдыздары және «Астана Опера» театрының хоры мен симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Концертке маэстро Абзал Мұхитдинов дирижерлік етеді.
Кеш бағдарламасында қазақ және әлемдік музыка классикасының танымал шығармалары: Құрманғазының күйі «Балбырауын», Брусиловскийдің аттас операсынан Қыз Жібектің құрбыларымен бірге орындайтын «Гәкку» сахналық көрінісі, Т.Мұхамеджановтың «Туған жер» атты домбыра мен қобызға арналған дуэті симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалады. Сонымен қатар, Глинканың «Руслан мен Людмила» операсынан Людмиланың каватинасы, Ардитидің «Поцелуй» әні, «Таис» операсынан скрипкаға арналған Массненің Медитациясы және тағы басқа шығармалар паш етіледі.
«Премьералық шығармалардан Вена консерваториясының түлегі Мәдина Исламова орындайтын В.Беллинидің«Монтекки мен Капулетти» операсынан Джульеттаның ариясы және Алмас Серкебаевтің симфониялық оркестрге арналғантүпнұсқадағы «Шалқымасы» ұсынылады. Бұдан басқа, кеште керемет опера әншісі Жұпар Ғабдуллинаның және «Астана Опера» хорының орындауында Дж. Вердидің «Аттила» операсынан Одабелланың ариясын еске аламыз», - деп атап өтті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Сонымен қатар ол аталған мереке барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға екенін атап өтті. «Тәуелсіздігіміз еліміздің әрбір тұрғынының тағдырынан көрініс тапты деп ойлаймын. Өзімді мысалғаалсам, осы Күннің арқасында және мемлекетіміздің даму тарихындағы жаңа кезеңнің арқасында маған Батыста білім алуға мүмкіндік туды, кеңестік кезеңде бұл туралы тіпті армандамайтынмын. Бұл көптеген үлкен жобаларда өзімді көрсетуге мүмкіндік берді», - деп түйді маэстро.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар