- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана» өңірлік қолбасшылығында сержанттар құрамын даярлаудың үш апталық курсы басталды
«Астана» өңірлік қолбасшылығында сержанттар құрамын даярлаудың үш апталық курсы басталды
Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, тактика және оқу-жауынгерлік оқ атулар, дене және саптық дағды, топография, инженерлік және техникалық даярлық іспетті әскери істің негізгі пәндері бойынша қысқы полигон жағдайында теория және іс жүзінде оқып-үйренушілер білімдерін пысықтауы тиіс.
«Оқыту үдерісінде және курс аяқталғаннан кейін емтихан кезінде сержанттар пәндер бойынша машықтарын растап қана қоймай, дайындықтың анағұрлым жоғары деңгейіне шығуы қажет. Жоғары ұпай жинаған ең кәсіби әскери қызметшілер сертификатқа ие болады», - делінген хабарламада.
«Астана» өңірлік қолбасшылығында айтқандай, сержанттар үшін сертификат алу дайындықтың маңызды элементі болып табылады. Курста әрбір әскери қызметші білімі мен дағдысын арттырады, өзінің теориялық және практикалық дайындығындағы «осал тұстарын» жетілдіреді. Кәсіби тұрғыда өсумен қатар дарынды, үлгілі әскери қызметшілерге мансаптық сатыда жоғарлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бұл әскери мансапты жалғастыру және әскерлердің жалпы жауынгерлік қабілеттілігін нығайту үшін аса маңызды.
Айта кетейік бұл курс жылына бір рет өткізіледі. Бұл Қарулы Күштердің жаңғыруы мен әрі қарай толыққанды дамуына дәнекер болатын сержанттар құрамының деңгейін сапалы арттыру және армияның қуатты кәсіби негізін құруда батымды тәсілдердің бірі болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері