- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жылына 10 мың тонна жүгері өңдейтін кешен ашылды
ОҚО-да жылына 10 мың тонна жүгері өңдейтін кешен ашылды
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалпы құны 450 миллион теңге болатын кәсіпорынның ашылу салтанатына ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Тастанов пен Отырар ауданының әкімі С.Полатов қатысты.
«Ауданда жүгері дақылын 1990 жылдардағы көлемге жеткізу және жүгері кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, 2020 жылға дейін жүгері алқабын 15 мың гектарға жеткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілген. Сонымен қатар, 2016 жылы 7,5 мың гектар жерге жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүгері егу жоспарланып отыр. Бүгінгі бой көтерген кешен алдағы уақытта 10 мың тоннаға дейін өнім қабылдауға әзір. Бұл ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жасалған жағдай», – деді аудан әкімі.
Хабарланғандай, бұл кешеннің ашылуы жүгері кластерін дамытуға негіз болмақ. Себебі, бұрындары дихандар жинаған өнімін кептіре алмай, алажаздай еткен еңбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік туып отыр. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. Кешеннің өніміне сұраныс артып, шикізат көбейсе, болашақта жұмыс қуаттылығы бұдан әрі артпақ.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды