• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті сәйкесінше түзетулері бар мемлекеттік сатып алу туралы заңға қолд қойды

ҚР Президенті сәйкесінше түзетулері бар мемлекеттік сатып алу туралы заңға қолд қойды

5 Желтоқсан, 2015 13:24
Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге, сондай-ақ жекешелендіру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар