• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР мен РФ президенттері Мәскеуде ЕАЭО мен ҰҚШҰ аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын талқылады

ҚР мен РФ президенттері Мәскеуде ЕАЭО мен ҰҚШҰ аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын талқылады

5 Желтоқсан, 2015 10:02
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жайттарын, сондай-ақ бірқатар өзекті өңірлік және халықаралық, соның ішінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік желісін құру мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын да қарастырды.

Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасып, дағдарыс тек бейбіт жолмен тезірек реттеледі деп үміттенетіндерін білдірді.

Барлық жаңалықтар