- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҚХА мүшелері ҚР Президентінің жолдауын талқылады
Алматыда ҚХА мүшелері ҚР Президентінің жолдауын талқылады
Аталмыш іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі – Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Любовь Ни, ҚР Паламент Мәжілісінің депутаты Жұматай Алиев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жастар қауымы, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
Ералы Тоғжанов өз сөзінде Елбасы жолдауы уақыт талабына қайтарылған жауап екендігін айтты. Қоғам өзекті мәселелер бойынша нақты жауап алды,уақыт талаптарына төтеп бере алатын әрекеттердің тұтастай стратегиясы айқындалды.
Сондай-ақ, ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстанның жетістігі оның бірлігі мен келісімінде екендігін атап өтті. Сол себепті Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың іске асырылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы тікелей тұрғыда әрі белсенді атсалысу керек. Ең алдымен бұл – Елбасы жолдауы бойынша халық арасында ауқымды түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған барлық тапсырмалардың іске асырылуы үшін барша азаматтарды жұмылдыру.
Іс-шара барысында Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, т.ғ.д., профессор Георгий Кан, «Ирныхас» Алматы қалалық осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазбек Мамсұров, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Олег Червинский, Алматы қ. №153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Умаров, «Алматы» телеарнасы бас директорының кеңесшісі Давид Сукиасян, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшесі Вакиль Набиев өз баяндамаларын оқыды.
Кездесу соңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдары мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған естелік таңбалары табысталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді