- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан делегациясы ЮНИДО Бас конференциясының 16-шы сессиясына қатысты
Қазақстан делегациясы ЮНИДО Бас конференциясының 16-шы сессиясына қатысты
Мүше-мемлекеттер 2013 жылы өткен соңғы Бас конференция барысында қабылданған және 2030 жылға дейін даму күн тәртібінің №9 Орнықты даму мақсатының негізін құраған Инклюзивті және орнықты даму бойынша Лима декларациясының іске асыруына жоғары баға берді. Инклюзивті және орнықты индустриалды даму бойынша форум барысында сарапшылар қауымы инклюзивті және орнықты индустриалды даму қағидаттары 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементтері болады деген пікір айтты.
Өзінің Бас конференция қатысушыларына араналған үндеуінде Қазақстан делегациясы Лима декларациясын іске асыру жөніндегі ЮНИДО басшысының есебін жағымды бағалап, Қазақстанның инклюзивті және орнықты индустриалды дамуға қосатын үлесі туралы ақпараттандырды, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «ЭКСПО-2017», KazAid дамуға ресми көмек агенттігін және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жоспарлары, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және т.б. аталды.
Бас конференция шегінде ағымдағы ынтымақтастық жағдайын талқылау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және ЮНИДО Бас директоры Ли Юнның кездесуі орын алды. Бас конференцияның Қазақстан үшін нақты нәтижесі Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНИДО арасындағы өнеркәсіптік даму қорына нысаналы жарналар туралы әкімшілік келісімге қол қою болды. Әкімшілік келісімге Қазақстан Үкіметі және ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру жөніндегі күш-жігеріне жәрдемдесу үшін ЮНИДО сараптамалық білімдерін тарту мақсатында қол қойылды.
Сонымен бірге, Бас конференция шеңберінде Тұрақты Өкілдік және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесін барынша насихаттау акциясын өткізді. БҰҰ Венадаға бөлімшесінің орталық холлы Ротундада «ЭКСПО-2017»-ге арналған көрме ұйымдастырылды. Оны бес мыңға жуық адам тамашалауға мүмкіндігі болды. Оның үстіне сарапшылар қауымы «Орнықты индустриализация және бірлесіп өркендеу үшін инновациялық хабтардың рөлі» атты сайд-ивент барысында халықаралық көрменің орнықты энергетика дамуындағы рөлін талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі