• Басты
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады
5 Желтоқсан, 2015 10:31

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады, деп хабарлады ҚР Инвестииялар мен даму министрігі.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі 2016 жылдың аяғына қарай толықтай жұмыс жасайтын болады

Бұл шешім ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы №81 қаулысымен бекітілген болатын. Бұл масштабты нысанның  тапсырылуындағы кешігу қаржыландыру көзіне байланысты. осыған байланысты алдымен Есеп комитетінің отырысында, кейінде бірқатар БАҚ-нда жобаның жүзеге асырылуы қыл үстінде және құрылыс белгіленген мерзімдерде аяқталмайды деген мәлімдемелер жасалды.

«Бастапқыда жобаны жүзеге асыру қаржыландырудың алуан көздерін, атап айтқанда концессия, инвестицияларды және т.б. қарастыру негізінде жоспарланған болатын. Реализация реконструкции участков транспортного коридора Көзік дәлізінің «Алматы-Қорғас», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» учаскелерін жүзеге асыру   концессиялық негізде жасалмақ болып жоспарланған еді, алайда, ықтимал концессионердің болмауынан 2013 жылы ҚР Үкіметі қаржыландыру көздерін өзгертіп, халықаралық қаржы институттарын тарту жөнінде шешім қабылданды. Осы себептермен жобаны аяқтау мерзімі 2016 жылға ауыстырылды», - делінген хабарламада.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін жүзеге асырудың әзірленген  техникалық-экономикалық негіздемесіне (ТЭН) сәйкес Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының (ҮАААЖ) құрылысын аяқтаған соң оны аталмыш дәлізбен қосу көзделген (учаскенің ұзақтығы 32 км).

 

«Бүгінде ҮАААЖ бойынша консцессионерді анықтау жөніндегі конкурстық ресімдер жүргізілуде, ал құрылыс жұмыстары келесі жылға жоспарланған», - теп түсіндірілген.

 

ҮАААЖ-ға шығатын учаске негізгі дәлізге қарамайды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен Үлкен Алматы Айналма Автомобиль Жолының қосылуы ретінде пайдаланылатын болады

ҮАААЖ-ға шығу құрылысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің толыққанды пайдалана берілуіне ешқандай кедергісі болмайды.

Жобаны жүзеге асыру барысында, күтілетін жүк тамалын ескере отырып, жаңа «Нұр Жолы» өтпе пунктін салу жөнінде шешім қабылданды. ҚР Заңнамасына сәйкес оны салу мен оған инвестиция тарту кеден органдарының құзіретіне қарайды. «Аталған құзіреттер ҚР Инвестициялар және даму  министрлігінде болған жоқ. Инвестициялардың болмауы себебінен және құрылыс үдерісінің басталуының кешігуіне байланысты 2015 жылы ҚР ИДМ-нің бастамасымен ҚР қолданыстағы Заңнамасына Министрліктің өтпе пунктын салу және инвестициялар тарту жөніндегі құзіретін қамтамасыз ету жөніндегі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса Министрлік өтпе пунктін салуға инвестор тарту жөнінде келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде инвестор болып «EurotransitTerminal» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізу үшін жер учаскелері инвесторға берілді, олар қазір жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде», - деп ведомстводан хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін жүзеге асыру 2009 жылы Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша басталған болатын.   Жоба бойынша жалпы жолдың 2 452 км-рі қайта салынады, оның 1390 км-рі I техникалық санатты 4 жолақты қозғалысқа арналған (Қытайдың шекарасындағы Қорғастан Қызылорда қаласына дейін) және 1062 км-рі II тех. санатта болады (Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының Мәртөк кентіне дейін). Дәліздің жалпы ұзақтық бойындағы 1079 км-рі  (Қорғастан Түркістанға дейін) цемент-бетон жамылғымен салынады.  2009 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясының шекарасынан Шымкент қаласына дейін, оның ішінде   бұл жол Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жалпы ұзақтығы 1884 км жол бойында қозғалыс ашылған болатын.   

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды