• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте әлеуметтік жалпыұлттық тұжырымдаманың 2030 жылға дейін даму жобасы таныстырылды – ЭБЖМ

Мәжілісте әлеуметтік жалпыұлттық тұжырымдаманың 2030 жылға дейін даму жобасы таныстырылды – ЭБЖМ

7 Қараша, 2013 09:30
Ерболат Досаев Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы туралы Жобаны ұсынды, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» атты халыққа Жолдауында түп негізінде мемлекет өз азаматтарына жаһандық дағдарыс жағдайында минималды әлеуметтік стандарттар ұсынуға кепілдік беруі туралы принципі жатқан әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері көрсетілген», - деп хабарламада нақтыланған.  

Минималды әлеуметтік стандарттарды белгілеу арқылы азаматтарға өмірлерінің әр кезеңдерінде әлеуметтік қызметтердің минималды қажетті деңгейін ұсыну көзделген,-деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Сондай-ақ, министр минималды әлеуметтік стандарттарды дайындау барысында Үкімет қолданған тәсілдер туралы қысқаша баяндап берді. 

Ерболат Досаев әлеуметтік стандарттар түсінігін анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірігіп зерттеу жүргізілгендігін ашып айтты. Зерттеу қорытындысы бойынша әлемдік тәжірибеге сәйкес, әлеуметтік стандарттың 3 түрі бар екені айқындалды. Олар шығынды нормаларды болжайтын қор-стандарттар, шама процесстеріне негізделген процесс-стандарттар және соңғы нәтижелерге негізделген нәтиже-стандарттар болып жіктелді.  

Минималды әлеуметтік стандарттарды жүзеге асыру барысында азаматтарға өмірлерінің әр кезеңінде әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан бірдей жағдай жасалуы тиіс екендігі сөз болды.

Минималды әлеуметтік стандарттар егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе үш жылда бір реттен кем қаралмауы тиіс,-деп түсіндірді министр. 

Осы ретте, Жобаның басты мақсаты деп – ҚР Конституциясы мен өзге де заңнамалық актілермен кепілдендірілген, республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайынғы бюджетті қалыптастыруда міндетті болып табылатын әлеуметтік қызметтердің минималды деңгейін анықтауды айтуға болады,-деп қорытты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

 

Барлық жаңалықтар