- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада барлық инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсететін «Бір терезе» механизмінің тұсаукесері өтті
Астанада барлық инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсететін «Бір терезе» механизмінің тұсаукесері өтті
2016 жылдан бастап «Бір терезе» барлық инвесторларға қолжетімді болады. Астанада «Транспорт Тауэрс» ғимаратының 1 қабатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша инвесторларға кеңес беретін InvestorServiceCentre құрылды. Инвесторлар «Бір терезе» бойынша 363-тен астам рұқсат пен лицензия алады. Бұл инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей байланысты болдырмау үшін, сондай-ақ, бюрократиялық және әкімшілік кедергілерді азайту үшін жасалып отыр.
2015 жылы 2 желтоқсанда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен Мемлекет басшысының барлық инвесторлар үшін «Бір терезе» қағидасын енгізу бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты кеңес өтті. Онда барлық инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсететін «Бір терезе» механизмінің тұсаукесері болды. Инвестиция жөніндегі комитет PricewaterhouseCoopersпен бірге «Бір терезе» қағидасын іске асырудың негізгі элементтерін, оның ішінде Қазақстандағы инвесторлар қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымдау үшін салалық картасын және бизнес-үдерістерін әзірледі.
Қазіргі уақытта инвесторларға қолдау көрсетудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл болашақта online режимде инвесторлардың тіркелуіне, ақпарат алуына, рұқсат құжаттарын алу үшін өтініштер жіберуге мүмкіндік береді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары