• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Мироненко: Елімізде қазақстандықтардың әл-ауқатының осы деңгейiн сақтау үшін көбірек және сапалы жұмыс істеу керек

М.Мироненко: Елімізде қазақстандықтардың әл-ауқатының осы деңгейiн сақтау үшін көбірек және сапалы жұмыс істеу керек

4 Желтоқсан, 2015 15:19
Елімізде қазақстандықтардың әл-ауқатының осы деңгейiн сақтау үшін көбірек және сапалы жұмыс істеу керек, деп хабарлады Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президентi кiтапханасының стратегиялық зерттеулер және болжау қызметiнiң басшысы Михаил Мироненко ОКҚ-да.

«Ең алдымен, бұл - бiз жүрiп өткен жолды, қалай және қандай қиындықтарды жеңгенiмiздi түйсiну. Бүгiнде жас ұрпақ олардың ата-аналары қандай қиындықты бастан кешiргенiн жете бiле бермейдi. Екiншiден, экономикалық өсiмге алып келген жағымды сыртқы жағдайлардың аяқталғанын түсiну. Ендi әлемдiк экономиканың шайқақтауына байланысты жағымсыз сыртқы жағдайлар басталуда», - деді сөз басында М.Мироненка.

Сонымен қатар ол, мұндай кезеңде әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшiн iшкi ресурстар мен резервтердi мобилизациялау көптеген мемлекеттер үшін қалыпты жағдай болып табылатынын атап өтті.

«Біз халықтың әл-ауқатының осы деңгейiн сақтау үшiн барлығымыз көп және табысты еңбек ету керекпiз. Мұнай бағасының қайта қымбаттауын күтiп, қол қусырып отырмау керек. Оның үстіне дағдарысты ақырзаман деп қабылдамаған жөн. Бiзде даму үшiн қажеттiнiң барлығы бар. Тек өзiмiзе деген талапты күшейту керек, масылдық санадан құтылу керек, ақша сұрауды доғарып, табыс табуды үйрену қажет. Мемлекетке өз отбасыңдай қарау ақиқатты түйсiнудiң басты қадамы», - деп түйді ол. 

Барлық жаңалықтар