- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада инвестициялық форум өтеді
Қызылордада инвестициялық форум өтеді
«Baikonur Invest» VI Инвестициялық форумы 14-15 желтоқсан күндері болады. Бұл жолғы форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік бизнес қауымдастықтары мен қаржы институттарының өкілдері қатысады. Форумның негізгі пленарлық отырысы Сырдария өзенінің сол жағалуын игеру жұмыстарына арналмақ. Мұнан бөлек 5 секциялық отырыс өткізіледі.
Форум қатысушылары үшін дәстүрге айналған шаралар бұл жолы да ұйымдастырылатын болады. Осы шаралар арқылы олар Қорқыт ата кешені және «Байқоңыр» ғарыш айлағымен танысып, «Союз-ТМА19М» зымыранының ұшырылу сәтін көруге мүмкіндік алады. Мұнан бөлек қонақтар үшін «Қызылорда Смарт Сити» көрмесі мен инвестициялық жобалар көрмесі өткізіледі.
Қызылорда облысына инвестиция тартудың тиімді жолдарының бірі жылына екі рет өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумы екені белгілі.
« Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған 5 инвестициялық форум аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 100 млрд. теңге көлемінде қаржы тартуға мүмкіндік берді. Барлығы 64 меморандумға қол қойылып, келісім жасалды. Оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының инфрақұрылым желілерін жаңғыртуға қатысты 10 келісімге қол қойылды», - деді облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев.
Форум аясында қол жеткізген үлкен жетістік - облыс орталығында шыны зауытын салуға мүмкіндік туды. «Шалқия» тау-кен металлургиялық кешенін қайта жаңғырту үшін де инвесторлар тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұнан бөлек 300 қызылордалық түлек Ресейдің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға қол жеткізді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады