• Басты
  • Жаңалықтар
  • Эрнесто Арайя Қазақстанды Никарагуадағы ірі жобаларға атсалысуға шақырды

Эрнесто Арайя Қазақстанды Никарагуадағы ірі жобаларға атсалысуға шақырды

4 Желтоқсан, 2015 13:42
Никарагуа Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Хуан Эрнесто Арайя Қазақстанды Никарагуадағы ірі жобаларға атсалысуға шақырды. Бұл жөнінде ол ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдiқалықоваға сенім грамоталарын табыстау рәсімінен кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бүгінгі күнді Қазақстан Республикасы мен Никарагуа Республикасының қарым-қатынасындағы тарихи күн деп атауға болады. Себебі, біз бірінші рет Қазақстанда елші ретінде жұмыс бастамақпыз. Біздің жұмысымыз екі ел қарым-қатынасын түрлі мәселелердегі ортақ көзқарастары бар тек саяси аренада ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және сауда салаларындағы байланысымызды дамытатын боламыз. Никарагуа Республикасында мұхитаралық арна, энергетикалық нысандар құрылысы секілді үлкен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан осы жобаларға қатыса алады деп ойлаймыз. Ауыл шаруашылығы бар мемлекет ретінде Никарагуа сауда байланысын дамытуға және өз өнімдерімізді Қазақстан нарығына шығаруға мүдделіміз. Сонда бұл тарихи қарым-қатынас қарқынды дамитын болады деп санаймын», – деген ол өзара қарым-қатынас пен өзара іс-әрекеттер екі ел үшін де тиімді болуы керектігін айтты. 

 

Барлық жаңалықтар