«Атамекен» мен «Самұрық-Қазына» сатып алулар саласында ынтымақтасты

4 Желтоқсан, 2015 16:23
«Атамекен» ҰКП-де ДСҰ тәртібінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған сатып алуларды өткізудің жаңа жүйесі таныстырылды.

Енді жеткізушілердің біліктілігі алдын ала тексеріледі. Тәуелсіз аудит жанындағы қор өндіріс саны мен сапасына орай тексеретін болады.

Сондай-ақ, сатып алулардың санатын анықтау енгізіледі, топтар ұйымдасып, сатып алулардың орталықтанған жүйесі қолданылады.

Қордың ақпаратынша, қосымша әсер сатып алуларды жүргізу үшін шығындарды үнемдеуден алынады.

Орталықтандырылған сатып алуларды қолдану бізге өте тиімді. Біз жақын арадағы 4 жылда 382 млрд теңгені үнемдеп отырмыз», - деді «Самұрық-Қазына» бизнесті трансформациялау бойынша  бас директоры Адамас Илькявичюс.

Барлық жаңалықтар