• Басты
  • Е.Тарасенко: ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді
4 Желтоқсан, 2015 13:07

Е.Тарасенко: ҚР Президентінің Жолдауы мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы бірлесіп, Қызылорда қаласында «Саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Е.Тарасенко: ҚР Президентінің  Жолдауы мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді

Семинар-тренингтің мақсаты – әлеуметтік саясатты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тәсілдерін үйрету. Семинар тыңдаушылары әртүрлі деңгейдегі әкімдер және әкімнің орынбасарлары, мәслихат депутаттары болды.

Семинарға Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.

Елена Тарасенконың айтуынша, Ел Президентінің халыққа арналған кезекті Жолдауы – әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанның іс-қимыл жоспары іспеттес. Бұл қоғамның, экономиканың дамуына мемлекеттің жаңғыруына жаңа серпін береді. Осы барлық шара елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Сол себепті, әйелдер қауымы «Нұрлы жол» бағдарламаларын, шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын, мемлекеттің индустриалды бағдарламаларын нақты қадамдар жасап, дамытуға өз үлестерін қосуға бар күштерін салуы тиіс.

Е.И.Тарасенко саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптерді сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ұлттық комиссияның жұмысы жаңа реформалар аясында құрылғанын, алда әйелдерді еліміздің барлық қоғамдық-саяси және экономикалық салаларына барынша тарту бойынша маңызды міндет тұрғанын айтты. Себебі, әйелдер ел халқының жартысын құрайды, ал олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі жартысынан асады.

Семинарда танымал халықаралық тәуелсіз сарапшылар және кеңесшілер тренер болды.

Семинар аясындағы сапар кезінде Ұлттық комиссия басшыларының облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевпен жұмыс барысындағы кездесуі болып, онда өңірдегі әйелдерді саяси ілгерілету мәселелері талқыланды.

Содан кейін Ұлттық комиссия басшылары «Отбасы – Мәңгілік Ел тірегі» атты облыстық әйелдер форумына қатысты. Қызылорда облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында білім, денсаулық сақтау басқармалары мен ІІД басшыларының баяндамалары тыңдалып, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, ана мен бала денсаулығын сақтау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Жалағаш ауданы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Сонымен қатар, Ұлттық комиссия басшылары әйелдер бизнесінің әлеуметтік нысандарына, облыстық перинаталды орталыққа және «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды.

«Отбасы – Мәңгілік Ел тірегі» форумында сөйлеген сөзінде Л.Ж. Сүлеймен «Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында бүгін еліміздегі түрлі ұлттар мен ұрпақтар арасында отбасылық дәстүрлер қоғамда биік адамгершілік құндылықтарды сақтауға, неке және отбасын нығайтуға ықпал етіп отыр. Отбасының ғана емес, бүкіл мемлекетіміздің осындай тұрақтылығы мен өркендеуі әлемдік дағдарыстың ауыртпалықтарын еңсеруге оразан зор септігін тигізеді»- деп атап айтты.

Барлық жаңалықтар