Қазақстанда «Ұлы Дала Елі» жалпыұлттық бренді жасақталады

4 Желтоқсан, 2015 12:52
Қазақстанда «Ұлы Дала Елі» жалпыұлттық бренді жасақталады, деп хабарлады ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев «Ұлы Дала Елі» бірінші тауар өндірушілер форумында.

«Форум нәтижесі бойынша ұлттық брендінің құрылатыны туралы хабарланады, ол «Ұлы Дала Елі» деп аталады», - деді Н. Алтаев.

Оның айтуынша, сонымен қатар сәйкесінше таңбалауға жататын тауарлар реестрі жасақталады.

«Біріншіден, бұл таңба «Қазақстанда жасалғаны» туралы айтып тұрады. Осы мақсатта аталмыш кәсіпорындардың аудитін өткіземіз. Екіншіден, бұл тауардың шын мәнінде сапалы екенін білдіретін болады. Үшіншіден, ол тауар Қазақстан халқымен мойындалғанын білдіреді. Біздің жоспарымыз бойынша бұл берндті көптеген кәсіпорындарға бере бермейміз, олар санаулы болады, оның ішінде «Эйр Астана», «Рахат» компаниялары бар», - деп толықтырды ол.  

Н. Алтаев хабарлағандай, «Ұлы Дала Елі» бренді жыл сайын 4-5 кәсіпорынға ғана берілетін болады.

ҚР ҰКП төрағасының орынбасары хабарлағандай, аталмыш форум барысында 10 млрд теңгеден астам қаржыға 29 ұзақмерзімді келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар