Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері құрылады

4 Желтоқсан, 2015 12:46
Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері құрылады, деді Парламент депутаты Майра Айсина ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Бүгінгі таңда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес 730 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 212-ін Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) ұсынады», - деді М.Айсина.

Оның айтуынша, ХҚКО-лардың оң жұмысын ескере отырып, Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдерін құру халыққа айрықша талап етілген мемлекеттік қызметтерді көрсететін Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы, Жер кадастры мемлекеттік ғылыми-өндiрiстiк орталығы, сондай-ақ Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы кәсіпорындарын біріктіру арқылы ХҚКО-лардың базасында жүзеге асыру ұсынылды.

Бұл ұсыныс ҚР Президентінің жанындағы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында мақұлданды.

«Үкімет-азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын түбегейлі жақсартуға және мерзімін қысқартуға, азаматтарға қызмет жасаудың бірыңғай стандарттарын енгізуге, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің барлық қатысушыларын тарта отырып, сапасын тұрақты түрде жақсартып отыруға, кері байланыс жүйесін құруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар