• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да мүгедектер мен жетім балаларға өз ісін бастауға төмен несиелер берілмек

ОҚО-да мүгедектер мен жетім балаларға өз ісін бастауға төмен несиелер берілмек

7 Қараша, 2013 09:14
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биылғы жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл тұрғындарына 3 млрд. теңге несие ретінде беруді жоспарлап отырғ деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Несиелердің көбі - 92,9% - агроөндіріс кешеніне бағытталды. Бағдарлама бойынша шағын несиелерді жартылай жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, өзін өз жұмыспен қамтитын, төмен қамтамасыз етілген мектеп түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтаған мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санынан ҚР азаматтары ала алады. Несиелер сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруға беріледі. Бір адамға ең жоғары қарыз сомасы - 3 млн.теңге, сыйақы үстемесі - жылына 6% (тиімді үстеме - 6,7 пайыз, несиелеу мерзімі - 54 айдан аспайды», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар