• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ш.Сыздықова: Бүгінде қымызды насихаттау және оны дайындаудың көне әдісін жандандыру өте маңызды

Ш.Сыздықова: Бүгінде қымызды насихаттау және оны дайындаудың көне әдісін жандандыру өте маңызды

4 Желтоқсан, 2015 12:03
Бүгінде қымызды насихаттау және оны дайындаудың көне әдісін жандардыру өте маңызды, деп хабарлады «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова «Қымыз-2015» үшінші халықаралық форумы барысында.

«Отандық азық-түлік өнімі, қазақ ұлттық асханасының ас дайындау әдісі бірегей болып қалуда. Ол дәрумендерге өте бай. Қымызды қазақ ұлттық асханасының негізгі тағамы деуге болады және еліміздің бренді болап табылады», - деді Ш. Сыздықова.

Сондықтанда оның айтуынша, аталмыш өнімді насихаттау және оны дайындаудың көне әдісін жандардыру өте маңызды, масштабты өнеркәсіптік өндірісті бір жолға салу керек.

 «Қымыз-2015» халықаралық форумы Қазақ агротехникалық университетте өтіп жатқаны өте маңызды, мұнда білімнің негізі қалануда. Студенттердің өзі дұрыс тамақтану әдісін насихаттауы тиіс», - деп толықтырды ол.

Ш. Сыздықова атап өткендей, біздің орталығымыздың мақсаты заманауи қазақстандық отбасы үшін ұлттық-мәдени құндылықтарды дамыту және сақтап қалу болып табылады. 

«Бүгінгі шара Қазақстанда ұлттық өнімдер туралы заңнаманы жасақтаудың диалог алаңына айналады деген үміттемін. Біз өз кезегімізде аталмыш сұрақтың Ұлттық комиссия деңгейінде көтерілуіне барыша күш саламыз», - деп түйді Ш. Сыздықова.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Қымыз-2015» халықаралық форумы өтуде. Шара барысында қымыз өндірісін, жылқы шаруашылығын, қазақтың ұлттық әдісі бойынша бие сүтін дамытудың келешегі талқылануда.

Барлық жаңалықтар